Қ

20 Февраль 2014 →

Қазақ тілінен тест.. 1- нұсқа.

1.Мағынасы қарама – қарсы сөзерді көрсет.

А) жаман, нашар; В) жуан, жіңішке; С) төмен, аласа. Д) әдемі, көрікті; Е) заңғар, биік.

2. Омоним сөзді көрсет.

А) гүрс; В) шаш; С) жиырма; Д) дайын; Е) оқы.

3. Туынды етістікті көрсет.

А) қайт; В) көр; С) көмектес; Д) біл; Е) қол

4. Тырнақшаға алынып жазылатын жалқы зат есімдерді көрсетіңіз.

А) Қарағанды, Жетісу. В) Балқаш. Зайсан. С) Адай. Балбырауын. Д) Іле. Лепсі.

Е) Амангелді. Ақбота.

5. Төлеу сөздің анықтамасын белгілеңіз.

А) Біреудің сөзінің мазмұнын айту. В) Біреудің көзқарасы. С) Өз сөзі. Д) Екі адамның сөзі. Е) Біреудің ойы.

6. Сөйлемнің қандай түрі екенін белгілеңіз. «Олар кетіп қалды. »

А) Жақсыз. В) Атаулы. С) Құрмалас. Д) Жайылма: Е) Жақты.

7. Сұрау есімдігінің жіктелген түрін көрсетіңіз.

А) Қашанғы? В) Кіммін? С) Сәбимін: Д) Бүгінгі. Е) Әдетте.

8. Бастауыш сілтеу есімдігі, баяндауыш зат есім болғанда қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.

А) Дефис. В) Үтір. С) Көп нүкте. Д) Қос нүкте. Е) Сызықша.

9. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін белгілеңіз.

А) Жұмбақ. В) Мақал- мәтел. С) Аңыз. Д) Ертегі. Е) Шешендік сөз.

10. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А) Дауыссыз дыбыс. В) Нашар кісі. С) Күн көзі. Д) Таяқ тастам жер. Е) Күллі ғалам.

11. Бір сыңары мағынасыз қос сөзді көрсетіңіз.

А) Гу-гу. В) Қаз-үйрек. С) Ет-мет. Д) Үлкенді- кішілі. Е) Жалт-жұлт.

12. Қаратпа сөзді көрсетіңіз.

А) Біздіңше, таныстарымыз көп. В) Па, неткен келісім, әдемілік! С) Е, жаңылмасам, Серік шығарсың? Д) Сайра да зарла, қызыл тіл! Е) Сен мұнда неғып тұрсың?

13. «Стиль» термині шыққан тілді белгілеңіз.

А) Грек. В) Испан. С) Орыс. Д) Қазақ. Е) Итальян.

14. Сызықша дұрыс қойылған жерді табыңыз.

А) Саябақтың ішінде жан жоқ – тым-тырыс. В). Сол – үміт әлі үміт боп келеді.

С). Егер де – қолға түсіп қалсаң, мені білмейсің. Д) Біздің тоқталатынымыз - соңғысы.

Е) Біз – жиырма төрт екенбіз.

15. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөзді табыңыз

А) Зейнетпен. В) Зейнетін. С) Зейнеті. Д) зейнет. Е) Зейнеткер.

16. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз.

А) Соншалық. В) Сеніңше. С) Қазақша. Д) Баяу. Е) Бұлбұлдайын.

17. Пысықтауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз.

А) Бүгін үш үйірменің жұмысы болмайды. В) Шексіз жазық басталды.

С) Сабақ сегіз жарымда басталды. Д) Оларға екі рет жәрдемақы берілді.

Е) Ертең жарыс басталады.

18. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Өз көзімен көрдім. В) Әкесінің көзіндей. С) Бұлақтың көзі. Д) Істің көзін табады.

Е) Елдің көзі көрген.

19. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

А). Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын жауып алыпты.

В) Түн.

С) Ағам келетін уақыт болды.

Д) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшпек кезде, Абай шешіле түсті.

Е) Мұғалімнің сөйлегеніне Кәрім шыдап отыра алмай, біресе орнынан ұшып тұрады, біресе отырады.

20. Коммуникативтік және экспрессивті эстетикалық сөздер – қай қатарға тән , табыңыз.

А) Әдеби тіл. В) Тарих. С) Биология, Д) Табиғаттану. Е) Математика.

Қазақ тілі. 2- нұсқа.

1.Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған сөзді көрсетіңіз.

А) Сана. В) Ешкі. С) Жаңа. Д) Табиғат. Е) Шана.

2. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А) Санын соғып қалу. В) Қобыланды батыр С) Қыстырма сөз. Д) Елеулі орын. Е) Сәнді сарай.

3. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

А) Арам ой. В) Асыл жан. С) Сөзге сараң. Д) Жібек мінез. Е) Терең құдық.

4. Басыңқы сыңарын көрсетіңіз. Әрине, орындаған сенсің.

А) Үстеу. В) Есімше. С) Тұйық етістік. Д) Есімдік. Е) Етіс.

5. Қысқарған сөзді көрсетіңіз.

А) Азан-қазан. В) Килограмм. С) Көңілді. Д) Атқару комитеті. Е) Педколледж.

6. «Әрі», «және» жалғаулығы қай салаласақа тән табыңыз.

А) Кезектес. В) Түсіндірмелі, С) Қарсылықты. Д) Ыңғайлас. Е) Талғаулы.

7. Оның сөзінің кімге керегі бар? Сөйлем түрін анықтаңыз.

А) Атаулы. В) Құрмалас. С) Толымсыз. Д) Жақсыз. Е) Жақты.

8. Сапалық сын есімді табыңыз.

А) Еріншек оқушы. В) Жақсы оқушы; С) Көлемді қағаз. Д) Құмды жер. Е) Ақылды бала.

9. Мына сөздерге көптік жалғауының дұрыс жалғанғанын табыңыз.

А) Екі құрттар. В) Студенттер. С) Бірнеше кісілер. Д) 250 қойлар. Е) Сүттер.

10. Көп нүктенің орнына лайықты еліктеу сөзді көрсетіңіз.

Хамиттің көздерінің оты шашырап, ... ете түсті..

А) жарқ В) салп С) селк Д) тарс Е) ыңқ

11. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Ескерткендеріңіз дұрыс болды. В) Адамдық ар – намысымызға дақ түсіруге болмайды.

С) Болашақ жастардікі. Д) Етіс – етістіктің бір түрі. Е) «Ештеңе» - есімдік.

12. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуіш сөзді сөйлемді табыңыз.

А) Дала жым-жырт. В) Баяғы жартас бір жартас, қаңқ етер түкті байқамас. С). Қазандағы ет бүлк- бүлк қайнады. Д) Асығып тез аттандық Е) Қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.

13. Қаратпа сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгісін көрсетіңіз.

А) Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды. В) Әрине, бұл істе кім озары белгісіз. С) Ісің өнімді болсын, Қуат. Д) Алматы - Республиканың ең үлкен қаласы. Е) Ойпырай, мына күннің қағынуын-ай.

14. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. «Алты қанат ақ орда әдемі-ақ!»

А) орда В) Алты: С) ақ Д) қанат Е) әдемі-ақ

15. Нақтылау мәнді демеулікті табыңыз

А) - ақ; В) ғана С) әсіресе Д) қой Е) тұрсын.

16. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

А) – тай, - тал. В) –а, -е, - қа,- ке (- ға, - ге).С) –дан, -ден, -тан, -тен, -нан,-нен Д) –ым,-ім,-м

Е) –сы, -сі,-ы, -і.

17. Төл сөзді көрсетіңіз.

А). Сен дегенде ойым таза. В) Ұста: «Бұны қайдан көрдім?»- деп ойлады. С) «Тарақ» деген сөздегі «та» буыны – ашық буыны. Д) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын оқыдың ба? Е). «Қол ұстату, шаша сипату» деген ырымдар осы.

18.Сөз тіркеснің қай түрі, дұрысын белгілеңіз. «Барлаушылар кеңесті»

А) Қиысу. В) Матасу. С) Меңгеру. Д) Жанасу. Е) Қабысу.

19. Болымсыз етістікті табыңыз.

А) Жүгір. В) Үміт. С) Боя. Д) Кеткен жоқ. Е) Асық.

20. Қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелермен айналысатын айбынды (внушительное) құрал тілі, табыңыз.

А) Ауызекі тіл. В) Көркем әдебиет. С) Публицистика. . Д) Ресми тіл. Е) Ғылыми тіл.

Қазақ тілі. 3- ңұсқа.

1.Сөз құрамын , сөз таптарын зерттейтін ғылым саласын белгілеңіз.

А) Лексика В) Фонетика С) Пунтуация Д) Синтаксис. Е) Морфология.

2. Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Қар өткен түнде қалыңдап түскен екен. В) Біз асыға ілгері жүрдік. С) Гүлнәр өзі туралы айтты.

Д) Жұмат жас бригадирдің бұл сөзіне риза болды. Е) Біз күн шыға аттандық.

3.Көп мағынаға ие бола алатын «ашық мінез» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Қыңыр мінез. В) Жеңіл мінез. С) Қырсық мінез. Д) Жомарт мінез. Е) Тұйық мінез

4. Сөз арасындағы кейінді ықпалды табыңыз.

А) Жүз сом. В). Қол орақ. С) Тоғай іші. Д) Қара торы. Е) Сал-сана .

5. Шылауды табыңыз.

А) Қатар, гөрі, оһ. В) Ғана, сайын, әрі. С) Шамалы, қысқасы. Д) Жөнінде, беу. Е) Сықылды, әлі.

6. Ілік септігі жалғауы жасырын тұрған сөзді табыңыз.

А) Кітап дүкені. В) Кітапты оқыдым. С) Кітап оқу. Д) Кітапқа қарадым. Е)Кітап алдым.

7. Топтау сан есімін көрсетіңіз.

А) Жеті –сегіз. В) Үшеу. С) Алпыс бес. Д) Жиырма бестен. Е) жетінші.

8. Тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз.

А) Байлықтың атасы, еңбек: анасы, жер. В) Байлықтың атасы еңбек -анасы жер.

С) Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер. Д) Байлықтың атасы еңбек; анасы – жер.

Е) Байлықтың атасы еңбек, анасы – жер.

9. Толымсыз сөйлемді көрсетіңіз.

А) Есімі – Әсет. В) Оның аты кім еді? С) Сенің жақсы білетін шопаның бар ма?

Д) Менің жақсы білетін шопаным бар. Е) Оның есімі қандай жақсы еді.

10. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді тап.

А) Әдейі танытпайын деп, ол бет –аузын таңып алыпты. (обвязал). В) Оның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді. С) Мен оқыған кітап қызық-ақ!

Д) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті. Е) Түн.

11. «Тал шыбықтай бұралған » деген тұрақты сөз тіркестің қолданылу орнын анықтаңыз.

А) Ат сипаты. В) Қыз сипаты. С) Жігіт сипаты. Д) Қыран бүркіт. Е) Табиғат көрінісі.

12. Одағай сөзді белгілеңіз.

А) Сіңлім құрақ құрап отыр. В) Көңілім менің құрақ-құрақ. С) «Құрау-құрау» деп атам малдың жолын тосты. Д) Құрақ – ұлттық өнер. Е) Құрақтап тігу.

13. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

А) Егеуқұйрық. В) Адыраспан. С) Сейсенбай. Д) Демалыс. Е) Қазақфильм.

14. Бастауыш қай сөз табынан , көрсетіңіз. Кейбіреулері сәл тоқтап, Абайдың аузына қадалды.

А) Зат есім. В) Етістік. С) Сын есім. Д) Одағай. Е) Есімдік.

15. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын көрсетіңіз.

А) Малыңды бақ. В) Неге көндім. С) Ойсыздарға қосылма. Д) Шартты белгі. Е) Біздің ауыл.

16. Бөлшектік сан есімді табыңыз.

А) Он тоғызыншы. В) Екі жарым. С) Сегіз. Д) Жүздеген. Е) Төртеу.

17. ҚазМҰУ – сөзі қай қатарға жататынын көрсетіңіз.

А) Дара сөз. В) Жалпы сөз. С) Туынды сөз. Д) Күрделі сөз. Е) Дерексіз сөз.

18. Анықтама қай стильге жатады?

А) Ауызекі стиль. В) Іс- қағаздар С) Публицистика. Д) Ресми. Е) Көркем әдебиет.

19. Зат есімнің толықтауыш қызметіндегі нұсқасын табыңыз.

А) Жазықсыз жазалама. В) Кешегі жұмысты бітір. С) Сара келді. Д) Гүл – жердің көркі.

Е) Батыр жеңді.

20. Орфографиялық заңдылыққа қайшы (против) сөзді көрсетіңіз.

А) Жүрек. В) Бара кел. С) Нүктелі үтүр. (Надо -үтір) Д) Арман. Е) Қарлығаш.

Жауаптары:

нұсқа 2-нұсқа 3-нұсқа

В 1- Д 1 - Е

В 2 –А 2 - Д

С 3- Е 3 - Е

С 4 –Д 4 - А

А 5 – Е 5 - В

Е 6 – Д 6 - А

В 7 – Д 7 - Д

Е 8 – В 8 - С

9- В 9- В 9 - А

10-Д 10- А 10 - В

11-С 11- В 11 - В

12-Д 12- С 12 - С

13-А 13 – С 13 - А

14-Д 14 – Д 14 - Е

15-Е 15 – Д 15 - Д

16-А 16 – А 16 - В

17-С 17- В 17 - Д

18-А 18 – А 18 - В

19-Е 19 – Д 19 - В

20-А 20 – С 20 - С


See also:
Учебный материал
Похожие записи
  • тест метрология 1
    ООП: 260902.65 - Конструирование швейных изделийДисциплина: Метрология, стандартизация и сертификацияГруппа: бкид-1 Дата...
  • тест Мен в МП пол 3 курс студ
    Раздел 1. Общие подходы к менеджменту. 1. Английское слово «менеджмент» употребляется, когда...
  • тест КП 3
    ТЕСТЫ ПО КОНСТИТУЦИОННОМУ ПРАВУ РФ РАЗДЕЛ 1. Основы теории конституционного права. Конституционное...

Комментарии закрыты.