8 тема

20 Февраль 2014 →

ҚММУ Ф 4/3-06/02

2007 ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Семинарлық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырыбы: Ислам және қазіргі заман

Пәні: Дінтану негіздері

Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау-«5В 110 200»

Курсы: 2

Құрастырушы: оқытушы Мустафина Т.В.

Қарағанды 2013 ж.

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

№ __ хаттамасы __.__. 20__ж.

Кафедра меңгерушісі: Темірғалиев Қ.А.

Тақырыбы: Ислам және қазіргі заман

Мақсаты: ислам дініне деген қызығушылықтың соңғы уақытта артуы, сондай-ақ ислам діні шеңберінде түрлі әлеуметтік-саяси қозғалыстардың кең таралуы бұл тақырыптың өзектілігін арттырады.

Оқыту мақсаты: ХХ ғ. соңы- XXI ғ. әлемде көрініс алған оқиғаларға байланысты исламофобия феномені орын алуда. Жалпы ислам діні және бүгінгі таңдағы ислам дініне деген кереғар көзқарастардың ара-жігін ашып алу бұл сабақтың негізгі мазмұнына айналуы тиіс.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қазіргі замандағы ислам дінінің географиясы.

2. Исламдағы адамның құқықтары мен міндеттері.

3. Ислам діні тұрғысынан полигимия мәселесіне пікір.

4. Исламофобия дегеніміз не? Қазіргі заманғы ислам және экстремизм.

Ислам – үш әлемдік діндердің ішінде ең жас дін болып саналады. Қазіргі уақытта мұсылмандар әлемнің 120 елдерінде өмір сүреді, мұсылман қауымдастығы 1,5 млрд. жуық, яғни бүкіл адамзаттың 20 %-ын құрайды.

Бұл дін Мысыр, Иордания, Тунис, Катар, Біріккен Араб эмираттары, Ирак, Иран, Кувейт, Марокко, Сауд Арабиясы және т.б. сияқты елдердің конституцисында өз көрінісін тауып, 28 мемлекетте мемлекеттік немесе ресми дін болып саналады. Мұсылмандардың шамамен ¾ 35 елдерде қоныстанған, бұл елдерде олар бүкіл халықтың 95%-дан 100%-ға дейін бөлікті құрайды, олар келесі елдер: Алжир, Ауғанстан, Бахрейн, Гамбия, Батыс Сахара, Индонезия, Иордания, Йемен, Катар, Коморы, Ливия, Мавритания, Мальдивы, Нигер, БАЭ, Оман, Сомали, Тунис, Түркия және т.б.

Ислам иудаизм мен христиандық діндер сияқты әлеуметтік-діни және тілдік ортада қалыптасқандықтан, қазіргі заманғы дінтану ғылымы оны аврааматикалық (иудеохристиандық) дәстүрге типологиялық туыстас болып қарастырады.

Оның негізгі ерекшелігі - ол дін мен құқық арасында, зайырлы және діни өмір арасында, сенім мен өмір сүру салты арасында нақты айырмашылықтардың болмауы.

Ислам сөзі араб тілінен аударғанда бағыныштылық деген сөзді, ал муслим немесе мұсылман атауы өзін Аллаға берілген, яғни мұндай бағыныштықты өмір сүру салты ретінде қабылдаған деген мағынаны білдіреді. Бұл дінге табынатын адамның өмірін шектеу әрекеті осымен түсіндіріледі.

Ислам VII ғ. Аравия түбегінде пайда болды. Бұл уақытқа қарай мұнда ежелгі таптық мемлекеттердің құлауы, транзиттік сауданың, дәстүрлі қоғамдық байланыстардың құлдырауы, көшпенділер мен отырықшы тайпалар арасында шиеленістің артуы сияқты объективті алғышарттар өрістей бастады. Осы барлық жағдай ортағасырлық араб халқының әлеуметтік және рухани ізденістерінде өз көрінісін тапты, оның нәтижесінде жаңа саяси құрылыстың – Халифаттың, жаңа этноконфессиялық қауымның – мұсылман қауымның (умма) қалыптасуына әсер етті. Исламға дейін араб халқында бір дін болмады, көп құдайларға сену болды, көпқұдайлылық уағыздалды. Бірақ біртіндеп жергілікті діндер арасында жалпыаравиялық құдайлар бөліне бастады. VII ғ. Аравияда курайшиттер тайпасы жоғарғы билікке жетеді, осыдан курашиттердің «илах» немесе «аль-илах» құдайы аз ықпалды және күшті тайпалардың құдайларын ығыстыра алды. Кейінірек, ол исламға жалғыз және нақты«Аллаха» құдайы ретінде енді.

Ислам қатаң монотеизмнің, яғни бірқұдайлылықтың діні болып табылады. Мысалы, бұл дінде Троица мәселесі – үшбірліктің, яғни Құдай-Әке, Құдай-Ұл, Құдай-Қасиетті Рух байланысы сияқты мәселесі кездеспейді. Алланың жалғыз болуы мен тұтас болуы туралы сенімнің әмбебап ұстанымы «Алладан басқа ешқандай құдай жоқ» деген формуламен айқындалады.

Тарихи тұрғыда ислам діні белгілі бір саяси орталығы жоқ, көптеген пұтқа табынушылық құдайлар пантеоны бар көшпенді, жартылай көшпенді және отырықшы тайпаларды біріктіріп, оларды адамзат тарихында өте маңызды және ықпалды дінге айналдырды. Исламның негізгі догматтардың пайда болуы мен қалыптасуы, оның әлемдік дінге айналуы қысқа мерзімде болды, тіпті ХІІІ ғ. араб өркениеті әлемнің жартысын қамтыды және өзінің мәдени дамуы бойынша ортағасырлық Батыстан озып түсті.

Сүннеттер (толық атауы – әхл ас-сунна ва-ль-джама) – сүннет адамдары мен қауым келісімі) – бұл Х-ХІ ғғ. ағым сияқты құрылған ортодоксалды бағыттағы өкілдер. Сүннеттер шиизмге қарсы көзқараста болса да, шиизмге қарағанда термині нақты мазмұнды береді, сонымен қатар парыздардың жалпы бекітілген жинағы жоқ. Бірақ нақты сүннеттер Алидің ерекше табиғаты туралы идеяларды және оның мұрагерлерінің имаматқа құқықлы екендігі қарсы көзқараста, олар тек қана өздері (Сүннеттер) нақты Құранға сай деп санайды, сонымен қатар Мұхаммед және оның жалғастырушыларын көрсетіп, яғни дәстүрге сай деп санайды. Шииттерге қарағанда Суннаны құқық пен сенімге үйрену көздері Құранмен бірге тең құқылы деп есептейді. Сүннеттердің көз қарасына сәйкес басшылыққа мұрагерлікпен ғана емес, сонымен қатар өздерінің қабілеттеріне байланысты пайғамбарға жақын таңдаулы адамдарынан немесе оның оқушыларынан сайланады. Осыдан басқа шииттермен иноверцтерге байланысты қарама-қайшылықтар бар, оларға салттары, заңды шешім қабылдаулар принципі, азаматтық құқық жатады. Қазіргі әлемде сүннеттер мұсылман әлемінің көп бөлігін алады (85% жуық).

Шииттер (араб тілінен шиа – привержендер, топтар, партиялар) – Алиді қолдағандар және оны Мұхаммед Пайғамбардың жалғыз заңды мұрагері деп санады, яғни мұсылман басшысы – имам – Мұхаммедтің қанды туыстары бола алады. Али өлгеннен кейін басшылыққа мұрагердің келуі шииттердің нұсқасы бойынша пайғамбардың немерелері Хасан мен Хусейн болуы керек. Бірақ олар әкелері сияқты басшылық үшін шайқасқа қаза болды, алайда осы үш имам шиит имамдарының династиясына бас салды. Шиит имамдары Мұхаммед Пайғамбардан алған «пайғамбарлық рухымен» иеленген. Али Имам пайғамбармен қанды туыстықта болғандықтан оны Алладан берілгені, сондықтан Суннаны қабылдамайды, және Али имамның өмірі жайлы мәліметтерге бағынып хабар немесе ахбар деген өздерінің тарихына ғана сенеді. Шииттер саясаттық басшылыққа ие болмағандығын айта кету керек, осыған қарамастан осы қауымның рухани көшбасшылары болған. Жоғарғы діни басшылық – шиизде имамат деп аталатын үш имам ұрпақтарында ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Ең соңғы он екінші имам Мұхаммед ес – түссіз жоғалып кетті, осылай «сырлы имам» туралы оқыту пайда болды (араб тілінен – әл-имам әл ғаиб). Шииттердің нұсқасына сәйкес имам тірі деп саналады, бірақ адамдарға көрінбейді, Аллах оны қажетті уақыттарға дейін тауларда тығып қойған деген, керек уақытында жерге қайта келеді. «Сырлы имамға» сену осы бағыттың басты парыздарының бірі, шииттердің бойында сенімді және бейбіт өмір жолдарында оның мәртебесінің күшіне байланысты діни адалдықты орнатуға үмітін сақтайды. Қазіргі деңгейде шииттер мұсылман әлемінің біраз бөлігін қамтиды (мұсылмандардың жалпа санынан ¼ төмен) және Иранда, Иракта, Ливанда, Йеменде және Бахрейнде таратылды.

Исламда мазхабтар (араб тілінен – жол, бағыт, қызмет образы) деп аталатын діни-құқықтық мектептер пайда болды. Мұсылмандық діни ғылымды негізінен фикхедегі мамандар заңгерлер дамытты. Әр мазхабқа үйрену осы мектеп бастаушыларымен, оқушыларымен және ірі факихтермен жазылған жұмыстармен жүргізілді. Көбінесе бірдей сұрақтарда мазхабтар өқілдерінің пікірлері түрлі болып келеді, яғни бұл мектептер бірдей мәртебемен пайдаланбайды. Қазіргі кезде бес мазхаб бар: төрт мектеп сүннеттік және бір мектеп шииттік бағыт. Оларды хронологиялық ретте атап өтеміз.

Ханафиттер ескі жазуы – ханифиттер; ханафийла) – Әбу Ханиф (699-763жж.) жалғастырушылары, Куфа қаласында (Ирак) туған, саудагер және ғалым. Деректерде түрік деп аталған, мұсылман әлемінде имам әл-Ағзам (ұлы имам) деген атпен әйгілі болған. Бұл мектеп VІІІ-ІХ ғғ. салынды. Ислам әлемінің әйгілі мамандарынан мұсылмандық құқық бойынша сабақ алып, Әбу Ханиф өзінің оқу әдісін ойлап тапты, грек Сократтың әдісіне ұқсас келеді. Әдістің мақсаты дәріс оқу емес, қойылған сұраққа жауапты оқушыларымен бірге әңгімелесу барысында табу болып табылады. Осылай Әбу Ханиф осы мектептің шығармашылық мінездемесіне, еркін ойлануына, критикасына, парызсыз қабылдауларына, шыдамдылығына интеллектуалды дәстүр негізін салды.

Осы мазхабта сунна заңгерлік фикха (араб тілінен – терең түсіну, білім) үшін құқықтық принциптері мен прецеденттеріне басты көздері болып саналды. Аналогия әдісіне әкеп соғатын қажет емес шешімдер (кийас) «қажетті шешімдерге» (истихсан) түзетілуі мүмкін, яғни, егер Құран және сунна сияқты ақпарат көздері дұрыс жауап бермесе, онда иджма (араб тілінен – консенсус, келісім) қандай да бір сұраққа заң құраушылардың пікірімен дұрысталып қолданылады, бұл осы мазхабты демократты, жұмсақ, қоғамдық қатынастарда өзгеруге, түрлі дәстүрлерге шыдамды болуға үйретеді. Саны бойынша ханафиттік мазхаб басқа мектептерден бастапқы орында (мұсылман қауымның 50% жуық) және Түркия, Ауғаныстан, Индостан, Индонезия, Балқан, және Кавказда (Әзербайжаннан басқа), Поволжьеде дамыды; Орталық Азияның бұрынға кеңес республикасында көптеген мұсылман қауым ханафиттер болып табылады. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ) өзінің фетваларында (фавта, араб тілінен – заңды шешім) хнафитті мазхаб қорытындыларымен негізделеді.

Маликиттер (маликийа) – сүннеттік мектептердің арасында ең ескісі (мұсылмандардың арасында 24%), Малика ибн Анас (713-795жж.), VІІІ ғ. саудагер және ғалым, маликиттер фикха нормаларын ұстанады, Мұхаммед пайғамбардың өмір сүру кезінде пайда болғандарды қалайды. Сондықтан фикханың негізгі көзін Құран мен Сүннеде көрген. Бұл мазхаб Ливия, Тунис, Алжир, Марокко, Батыс Африка, Кувейт, Бахрейн елдерінде дамыды және мұсылман Испанияда болды, маликиттердің көп бөлігі Жоғарғы Египетте және Суданда өмір сүрді.

Шафииттер (шафийа) – осы мектептің негізін қалаушы Мұхаммед ибн Идрис аш-Шафийдің (767-820жж.) атына сәйкес аталған, Аш-Шафий ханафиттік мазхабпен жасалған истихсан принципін қолдамады және әйгілі болғанмен (истисхаб) байланыс орнатуды талап етті, оның мақсаты келесіде: «қандай да бір ереже белгілі бір уақытқа дейін қызмет етеді, айналадағы жағдайдың өзгеруіне байланысты дәлелденуі тиіс». Шафий мектебі Сирия, Ливан, Палестин, Иордания, Йемен, Иран, біраз бөлігі Ирак, Шығыс Африка, Пәкістан, Индия, Малайзия, Индонезияда кеңінен тарады.

Ханбалиттер (ханабила). Мазхабтың негізін қалаушы Ахмад ибн Ханбал (780-855 жж.) болып саналады, Багдадта туған. Ханбалиттер Исламды суннада көрсетілген Құранға жазылған түсіндірме арқылы жоюға тырысты. Ибн Ханбал қадірлі тапсырулардың буквалистикалық немесе аллегориялық түсіндірмелерін қолдамаған, оның сенімін (иман) «қалай?» деген сұрақсыз қабылдау мүмкін еместігін айтқан (би-ла кайфа). Бүгін ханбалисттік Сауд Аравиясында, Ислам әлемінің түпкір-түпкірінде мұсылмандық фундаменталисттер арасында тараған.

Барлық төрт мазхаб – сүннеттік; фикханың 4 тамырымен қабылдайды; ХІғ. «иджтихада қорғаны жабық», яғни парыздықта, салттарда, этикада және қоғамдық тіреулерде Исламның негізгі принциптер жұмысы аяқталды. Джафариттік мазхаб осы сұрақтарға басқаша қарайды.

Джафариттер (джафарийа) – Джафара ас-Садық (700-765жж.) жалғастырушы, шиттер-имамиттер алтыншы имам, Мединада туған, діни ғылым маманы. Махзаб Джафардың өлімінен кейін көп жылдан кейін құрылды, шиттік рационалисттік-усулиттердің көз қарасын білдіреді, төрт тамырлы құқығы бар: Құран, ахбар («тапсыру»), иджма және кал («сана»).

Джафариттік мағына Иранда дамыды және имамиттер тұратын басқа да облыстарда дамыды (Ирак, Ливан, Кувейт, Бахрейн, Сауд Аравия, Иордания, Ауғанстан және т.б.).

Оқу семинары, тақырыптың сұрақтарын тереңдете зерттеу, ұғымдармен жұмыс істеу.

Әдебиет:

Ислам классический: энциклопедия. М., 2005.

Матвеев К.П. История ислама. М., 2005.

Г.Э. фон Грюнебаум Классический ислам. Очерк истории (600-1258). Пер. с анг. М., 1986.

Яблоков И.Н. Религиоведение. М., 2004.

Панова В.Ф., Вахтин Ю.Б. Пророк Мухаммед. М., 2000.

Радугин А.А. Введение в религиоведение: теория, история и современные религии. Курс лекций. М., 2000.

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай діни әрекеттің исламға қатысы жоқ?

а) бес уақыт намаз

б) зякят (салық)

в) ауыз бекіту (ораза)

г) Меккеге қажылық

д) қасиетті күштерге құрбандық шалу

2. Алтын Ордада қай хан тұсында ислам ресми дінге айналды?

а) Ноғай

б) Баты

в) Өзбек

г) Жошы

д) Тоқтамыс

3. Ислам дінінде «махди» түсінігінің мағынасы қандай?

а) рубасы

б) мұсылман қауымының басшысы

в) құтқарушы

г) руынан қуғындалған

д) ақын

4. Суфизм түсінігінің мағынасы қандай ұғымнан шығады?

а) жүн шекпен

б) жолға киетін киім

в) бөтен адам

г) дәруіштердің басшысы

д) үнсіз тақуа

5. 8-9 ғ.ғ. исламдық діни ілімде төрт мектеп қалыптасқан. Төмендегі қайсысының исламға қатысы жоқ?

а) темимиттер

б) ханафиттер

в) шафииттер

г) маликиттер

д) ханбалиттер

6. Қай жыл мұсылмандық жылнаманың басы болып есептелінеді?

а) 430 ж.

б) 570 ж.

в) 610 ж.

г) 622 ж.

д) 710 ж.

7. Мұсылмандар үшін қасиетті болып табылатын Құран кітабының атауы қандай мағына білдіреді?

а) «жақсы хаюар»

б) «оқу»

в) «қасиетті ақпарат»

г) «қасиетті өсиет»

д) «өсиет сөз»

8. Құран кітабы неше бөлімнен тұрады?

а) 114

б) 120

в) 123

г) 131

д) 137


See also:
Разное
Похожие записи
  • фінанси тема 1-2
    Тема 1 Фінанси це система відносин з приводу розподілу та перерозподілу створеного...
  • Эссе на тему
    Эссе на тему: «Вред алкоголя на организм» Ученицы 52 группы Платоновой Марии...
  • Я выбрала эту тему
     Я выбрала эту тему потому, что считаю её очень интересной и полезной: хочу...

Комментарии закрыты.