7 тема

20 Февраль 2014 →

ҚММУ Ф 4/3-08/02

ҚММУ БЕ 4/02

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырыбы: Қазіргі заманғы Қазақстандағы ислам діні.

Пәні: Дінтану негіздері

Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау-«5В 110 200»

Курс: 2

Құрастырушы: оқытушы Мустафина Т.В.

Қарағанды 2013 ж.

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

№ __ хаттамасы _._. 20__ж.

Кафедра меңгерушісі: Темірғалиев Қ.А.

Тақырыбы: Қазіргі заманғы Қазақстандағы ислам діні.

Мақсаты: исламның терең тарихы бар Көне Қазақстан жеріне келуі мәдениеттің дамуына, қоғамымыздың өзіндік санасы мен руханилығы игі ықпал еткені баршаға аян. қазіргі Қазақстан халқы рухани дағдарыстарды басынан кешуде. Қазақстан Республикасында қазір мұсылмандар ресми дерек бойынша 70%.

Тапырмалар: мұсылман мәдениетінің артықшылығы тең рухани салада ғана көрініс тапқан жоқ. Дін - наным-сенімге, этикаға, философияға және Қазақстандағы ғылым мен мәдениетті дамытуға зор ықпалын тигізді. Сонымен қатар қазақ жеріне ислам дінінің таралуын қазақ халқына тигізген оң әсерлерін қазақтың төл салт-дәстүрімен байланысты. Жұмыс дайындау барысында студент аталмыш жайттарға назар аударуы тиіс.

Орындалу нысаны: жұмыс 10-15 бет көлеміндегі реферат түрінде орындалуы тиіс.

Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар: ислам діні қазір қазақ жерінде екі бағыттағы қазметімен көрінеді: біріншісі – мәдени-ағартушылық; екіншісі – саяси-әлеуметтік. Бірінші бағыт: халықты жалпы мұсылмандыққа насихаттау, халық дәстүрлерімен ұштасқан исламның рухани мәнін түсіндіру. Екінші бағыт: саясаттанған ислам. Бірақ исламның саяси мақсаттары және оған жетудің әдіс-тәсілдерін қазақ қауымы қолдамайды. Әрине, отаршылықтың шеңберінен босаған қазақ үшін өзінің Орта Азия аймағындағы тегі бір туыстарымен тіл табысып, біртұтас өмір кешуіне себеп болатын аса маңызды фактор – мұсылман діні. Сонымен бірге ислам дініне бой ұсынумен дәстүрлі мәдениетіміз бен дүниетанымымызды ығыстырып, схоластика мен мистиканың бел алуына ұрындырғанынан сақтану керек. Сонда ғана ұлттық рухты, этникалық ерекшелік пен рухани қазыналар жүйесін сақтап қалуға, оны келесі тарихи кезеңдерге өркендетуге мүмкіндіктер туады.

Тапсыру мерзімдері: семестрдің аяқталуына бір ай қалғанға дейін студент оқытушыға рефератты тексеруге тапсыруы тиіс. Толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажеттілігіне байланысты бір ай көлемінде ескертулер орындалуы қажет. Жұмыстың соңғы дайын нұсқасы семестрдің аяқталуына дейін бір апта бұрын тапсырылуы керек.

Бағалау белгілері: жұмыс оған қойылған талаптарға сәйкес дайындалуы керек. Рефераттың кіріспе бөлімінде жұмыста талданатын негізгі сұрақтар жайла мағлұмат берілуі тиіс. Жұмыстың негізгі бөлімі 2-3 бөлімшеден құралуы мүмкін. Жұмыстың қорытынды бөлімінде қарастырылған сұрақтар жайлы анализ жасалуы қажет. Студент қорытынды бөлімде қарастырылған тақырып бойынша өзінің көзқарасын ұсынуы керек. Рефераттың соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімін келтіру міндетті болып табылады.

Әдебиет:

Даирова А.М. Исламский фактор в политических процессах Казахстана. А., 2005.

Нурбулат Е.М. История Казахстана: народы и культуры Дайк Пресс, 2001

Ислам в Казахстане. Казахстанский ин-т стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, 1998

Религиозный экстремизм в Центральной Азии: проблемы и перспективы: материалы конференции, Душанбе, 25 апреля 2002 г

Бақылау:

- Қазіргі Қазақстан территориясында ислам дінінің таралу тарихы туралы не айта аласыз?

- Ислам дінінің қазақ жерінде таралу ерекшеліктері жайында не білесіз?

- Қазіргі Қазақстанда ислам дінінің ролі қандай?

- Қазіргі Қазақстанның рухани мәдениетінде ислам дінінің басқа діндермен салыстырғанда артықшылықтары бар ма?




See also:
Разное
Похожие записи
  • Эссе на тему
    Эссе на тему: «Вред алкоголя на организм» Ученицы 52 группы Платоновой Марии...
  • Я выбрала эту тему
     Я выбрала эту тему потому, что считаю её очень интересной и полезной: хочу...
  • Финансовое тема 1
    Банковский кредит в системе кредитных отношений: понятие и принципы Деньги, как и...

Комментарии закрыты.