5 тема

20 Февраль 2014 →

ҚММУ Ф 4/3-08/02

ҚММУ БЕ 4/02

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырыбы: Протестанттық діннің Қазақстан, Ресей, Еуропа және АҚШ жерінде таралу ерекшеліктері.

Пәні: Дінтану негіздері

Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау-«5В 110 200»

Курс: 2

Құрастырушы: оқытушы Мустафина Т.В.

Қарағанды 2013 ж.

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

№ __ хаттамасы _._. 20__ж.

Кафедра меңгерушісі: Темірғалиев Қ.А.

Тақырыбы: Протестанттық діннің Қазақстан, Ресей, Еуропа және АҚШ жерінде таралу ерекшеліктері.

Мақсаты: Қазақстанда протестантизмнің тарихы ұзақ мерзімдерді қамтиды. Ресейге қосылғаннан соң қазақ жерінде алғашқы әскери қоныстанушылар пайда бола бастады, олардың арасында неміс лютерандар да аз болған жоқ. Кейіннен осы дінге сенуші шенеуніктер, қолөнершілер мен шаруалары қоныстандырыла бастады. XIX ғ. 80-ж. Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныстандыру күшейе түсті. Сол кезде лютеран, баптист, меннониттердің аздаған қауымдастықтары пайд болды. ХХ ғ. столыпиндік реформа қоныстандырудың жаңа толқынын тудырды, бұл өз кезегінде тұрғындардың конфессионалдық құрамын түрлендірді. Протестантизм өкілдерінің қазақ жеріне жапай қоныстануы ХХғ. 30-40 жж. Сталиндік репрессия және күштеп жер аударулармен байланысты болды. Мысалға, осындай жер аударылғандардың құрамында Поволжьяның 360 мың немістер болды. 1950 ж. ортасында жарамсыз халықтар мен конфессияларға қатысты саясаттың әлсіреуімен байланысты, республикада лютеран шіркеуінің, евангелдік христиан-баптисттердің, адвентисттер мен, меннониттердің қауымдастықтары құрыла бастайды. Ұзақ уақыттар бойы көптеген қауымдастықтары жасырын түрде қызмет етті. Алғашқы лютеран шіркеуінің қауымы Ақмолада (Астана) 1955 ж. тіркелді.

Тапсырмалар: Билік діни бірлестіктерді тіркеу жұмыстарын баяу жүргізді, алайда олардың саны тез арада өсіп отырды. Кеңес үкіметінің ыдырауына таман Қазақстанда 109 евангелді христиан-баптисттер қауымы тіркелген еді, бұл мұсылман мешіттерінен екі есе көп көрсеткіш. ХХ ғ. 90-ж. лютерандар, меннониттер көрсеткіші төмендеді, бұл осы діни сенімдерді ұстанатын неміс және өзге де ұлттардың Ресей, Германия секілді тарихи отандарына көшуі себеп болды. Өзге қауымдардың құрамы түрлі ұлттардан тұрды. Олардың саны протестантизм дәстүрлі діни сенім болып табылмайтын тұрғындардың есебінен көбейді. Қазіргі кезде баптисттердің арасында орыс, украин, белорус, казақтар мен корелер көптеп кездеседі. Осы себепті, дінге сенушілердің басым бөлігін құраған немістердің тарихи отандарына оралуына қарамастан қауым саны өсіп отырды. Мұны статистикадан да көруге болады: егер 1993 ж. 129 баптисттік бірлестік жұмыс істесе, 2002 ж. – 281, 2007 ж. – 290 бірлестік жұмыс істеді.

Протестанттық діни бірлестіктер шет елдердегі діндестерімен тығыз байланыс орнатып, олардан гуманитарлық көмектер қабылдауда. Олар белсенді түрде түрлі халықаралық конференциялар, фестивалдер, кездесулер ұйымдастырып, жастар жәгне өзге де тұрғындармен жұмыстар атқарады.

Орындалу нысаны: жұмыс 10-15 бет көлеміндегі реферат түрінде орындалуы тиіс.

Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар: 2011 ж. бас кезінде ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда евангелдік христиан-баптисттердің 362 діни бірлестіктері мен топтары қызмет еткен, соның ішінде 48-і билік органдарында тіркеуден өтпеген. Пятидесятниктер, пресвитериандар және харизматтар секілді қазақ еліне жат, дәстүрлі емес бағыттардың белсенді түрде көбеюі белең алды. Бұл қауымдардың басым көбі ХХ ғ. 90-ж. пайда болды. Олардың көпшілігін шет елдік миссионерлер құрды және өз қызметтері үшін мұндай қауымдар шет елдерден көмек алып отырды. Миссионерлерді өз қызметтеріндегі басты мақсаттары түрлі ұлт өкілдері арасында діни уағыздар жүргізу болып табылады. Мұндай қызметтердің нәтижесінде 2011 ж. 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша, пятидесятниктер шіркеуі - 97, пресвитериандықтар – 239, харизматтар – 306 жетті. Олардың ішінде аса танымал болып келесілері есептеледі: «Грейс-Благодать», «Еммануил», «Новая жизнь», «Агапе», «Сун Бок Ым», «Церковь Полного Евангелия». Көптеген пятидесятниктік және пресвитериандық шіркеулер Оңтүстік Корея және АҚШ-тан келген миссионерлердің қызметімен құрылды. Олардың пасторлары мен дінге сенушілерінің басым көпшілігін корей диаспорасы құрайды.

Тапсыру мерзімдері: семестрдің аяқталуына бір ай қалғанға дейін студент оқытушыға рефератты тексеруге тапсыруы тиіс. Толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажеттілігіне байланысты бір ай көлемінде ескертулер орындалуы қажет. Жұмыстың соңғы дайын нұсқасы семестрдің аяқталуына дейін бір апта бұрын тапсырылуы керек.

Бағалау белгілері: жұмыс оған қойылған талаптарға сәйкес дайындалуы керек. Рефераттың кіріспе бөлімінде жұмыста талданатын негізгі сұрақтар жайла мағлұмат берілуі тиіс. Жұмыстың негізгі бөлімі 2-3 бөлімшеден құралуы мүмкін. Жұмыстың қорытынды бөлімінде қарастырылған сұрақтар жайлы анализ жасалуы қажет. Студент қорытынды бөлімде қарастырылған тақырып бойынша өзінің көзқарасын ұсынуы керек. Рефераттың соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімін келтіру міндетті болып табылады.

Әдебиет:

http://ru.wikipedia.org/wiki/Религия_в_Казахстане

Религиоведение / Энциклопедический словарь. –М.: Академический проект, 2006.

Аванесов С.С. Введение в историю религий. Томск, 2002.

http://religa.narod.ru/zabijako/d10.htm

Радугин А.А.. Введение в религиоведение: теория, история и современные религии: курс лекций. 1999

Бақылау:

- Протестанттық діни ілімнің тарихы.

- Қазіргі заманғы протестанттық дін.

-Ресейдегі протестантизмнің таралуы.

-Қазақстан жерніде протестантизмнің таралу ерекшеліктері.

-Әлемде протестантизм дінінің таралуына анализ жасау.


See also:
Разное
Похожие записи
  • Финансовое тема 1
    Банковский кредит в системе кредитных отношений: понятие и принципы Деньги, как и...
  • Фінанси акціонерних товариств тема 1
    Тема 1 Сутність та призначення корпоративних фінансів Поняття корпоративних фінансів  Корпоративні фінанси (Corporate Finance)...
  • фінанси тема 1-2
    Тема 1 Фінанси це система відносин з приводу розподілу та перерозподілу створеного...

Комментарии закрыты.