3 тема

20 Февраль 2014 →

ҚММУ Ф 4/3-08/02

ҚММУ БЕ 4/02

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырыбы: Солтүстік және Оңтүстік Американың жергілікті халықтарының діндері

Пәні: Дінтану негіздері

Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау-«5В 110 200»

Курс: 2

Құрастырушы: оқытушы Мустафина Т.В.

Қарағанды 2013 ж.

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

№ __ хаттамасы _._. 20__ж.

Кафедра меңгерушісі: Темірғалиев Қ.А.

Тақырыбы: Солтүстік және Оңтүстік Американың жергілікті халықтарының діндері

Мақсаты: Үндістер екі Америка құрлығындағы байырғы халықтардың жалпы атауы. Американы ең алғаш ашқан Колумб емес осы үндістер. Бұл атау 15 ғасырда испан теңіз жиїанкездерінің Үнді жерін таптық деген жаңсақ пікірлерінен жергілікті халыққа еуропалықтар тарапынан сырттай таңылған. Үндістер сәулет және бейнелеу өнерінің, қолөнердің тамаша үлгілерін жасаған. Бай ауыз әдебиеті, би өнері мен сан алуан философиялық көзқарастары сақталған.

Тапсырмалар: үндістердің діни наным-сенімдері әр түрлі болған. Монотеистік сипаты жоқ болғандықтан, еуропалықтар үшін олардың діни дүниетанымын зерттеу, түсіну қиынға соққан болатын. Үндістердің діни дүниетанымында христиандық түсініктегі «құдай» ұғымы жоқ. Алайда, инктер тайпасындағы Виракоче табынуы бірте-бірте монотеистік сипатқа ие болған. Құдай түсінігі бұл елдерде толық қалыптасып, жүйеленбеген болатын. Сондай-ақ олардың дүниенің жаратылысы туралы көзқарасы қандай екенін әлі де болса толық елестету мүмкін емес. Басым жағдайда Күн, Ай, өзге де жарық көздеріне деген табынуды анық аңғаруға болады. Табиғат құбылыстарында да сиқырлық күштердің бар екеніне сенеді. Көптеген халықтарда «4» санының тылсым күші бар деп есептелінеді. Космогониялық және мифологиялық әңгіме-аңыздары көп, полинейзиялық тайпалардың аңыз-әңгімелерімен ұқсас келеді. Сондай-ақ әлемдік су тасқыны туралы да өздерінің нұсқасы бар.

Бұл тақырып бойынша жұмыс дайындағанда студенттер ең әуелі Колумбқа дейінгі Америка халықтарының тарихы, мәдениеті жайлы мағлұматтарды игеруі қажет.

Жұмыстың негізгі бөліміенде Америка тайпаларының наным-сенімдері жүйеленуі тиіс. Студент жұмыста рәсімдер мен культтердің ерекшеліктеріне назар аударуы қажет.

Орындалу нысаны: жұмыс 10-15 бет көлеміндегі реферат түрінде орындалуы тиіс.

Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар: Үндістердің ата-бабалары кейінгі палеолитте (б.з.б. 30 — 10 мыңжылдықтар) Америкаға Беринг теңізі және бұғазы арқылы Солтүстік-Шығыс Азиядан қоныс аударған. Сол кездегі діни наным-сенімдерді (құдіретке сиыну, ата-баба аруағына табыну, бақсылық, тотемизм, т.б.) ұзақ уақыт бойы сақтап қалған. Еуропа отаршылары келгенге дейін Орталық және Оңтүстік Америка Үндістер өзіндік өркениеттерді (ацтек, майя, инк, т.б.) қалыптастырды.

Тапсыру мерзімдері: семестрдің аяқталуына бір ай қалғанға дейін студент оқытушыға рефератты тексеруге тапсыруы тиіс. Толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажеттілігіне байланысты бір ай көлемінде ескертулер орындалуы қажет. Жұмыстың соңғы дайын нұсқасы семестрдің аяқталуына дейін бір апта бұрын тапсырылуы керек.

Бағалау белгілері: жұмыс оған қойылған талаптарға сәйкес дайындалуы керек. Рефераттың кіріспе бөлімінде жұмыста талданатын негізгі сұрақтар жайла мағлұмат берілуі тиіс. Жұмыстың негізгі бөлімі 2-3 бөлімшеден құралуы мүмкін. Жұмыстың қорытынды бөлімінде қарастырылған сұрақтар жайлы анализ жасалуы қажет. Студент қорытынды бөлімде қарастырылған тақырып бойынша өзінің көзқарасын ұсынуы керек. Рефераттың соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімін келтіру міндетті болып табылады.

Әдебиет:

Талах В.Н., Куприенко С.А. Америка первоначальная. Источники по истории майя, науа (астеков) и инков / Ред. В. Н. Талах, С. А. Куприенко.. — К., 2013.

Религиоведение / Энциклопедический словарь. –М.: Академический проект, 2006.

Аванесов С.С. Введение в историю религий. Томск, 2002.

http://religa.narod.ru/zabijako/d10.htm

Радугин А.А.. Введение в религиоведение: теория, история и современные религии: курс лекций. 1999

Бақылау:

- Колонизаторлардың жаулап алуына дейін Солтүстік және Оңтүстік Америка территориясында қандай мәдениеттер өмір сүрді?

- Ежелгі тайпалардың рәсімдерінде қандай ерекшеліктер бар?

- Майя өркениетінің діни дүниетанымы туралы не білесіз?

- Инк тайпаларының наным-сенімдерінің ерекшелігі неде?




See also:
Разное
Похожие записи
  • Финансовое тема 1
    Банковский кредит в системе кредитных отношений: понятие и принципы Деньги, как и...
  • Фінанси акціонерних товариств тема 1
    Тема 1 Сутність та призначення корпоративних фінансів Поняття корпоративних фінансів  Корпоративні фінанси (Corporate Finance)...
  • фінанси тема 1-2
    Тема 1 Фінанси це система відносин з приводу розподілу та перерозподілу створеного...

Комментарии закрыты.