2 тема

20 Февраль 2014 →

ҚММУ Ф 4/3-08/02

ҚММУ БЕ 4/02

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырыбы: Ведалар ежелгі және қазіргі заманғы үнділіктер дінінің негізі ретінде

Пәні: Дінтану негіздері

Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау-«5В 110 200»

Курс: 2

Құрастырушы: оқытушы Мустафина Т.В.

Қарағанды 2013 ж.

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

№ __ хаттамасы _._. 20__ж.

Кафедра меңгерушісі: Темірғалиев Қ.А.

Тақырабы: Ведалар ежелгі және қазіргі заманғы үнділіктер дінінің негізі ретінде

Мақсаты: ежелгі Үнді рухани мәдениетінің бастауы – біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек Көне үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы рөл атқарды. «Веда» сөзі «білім» дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді.

Тапсырмалар: Ведалық дүниетаным – ритуалдарға, әдеп-ғұрыптарға негізделген күрделі мифологиялық көзқарастар комплексі. Ол әрдайым дамуда болған. Мифологияға тән политеизм, антропоморфизм, ашық құдайлар жүйесі ведаларда да орын алған. Бұл дүниетанымның маңызды түсінігінің бірі – сансара ілімі. Үнді діни-мифологиялық сенімі бойынша адам табиғаттың бір бөлігі. Табиғаттағы барлық заттар сияқты адам да денеден және мәңгі рухтан тұрады. Сансара ілімі бойынша дене өлген соң, рух басқа денеге көше алады. Мұндағы маңызды мәселе – мәңгілік мәселесі, мәңгі жойылмау туралы пікір. Туу және жойылу заттардың мәнін қамтымай өтеді, олардың тек сыртқы түрі өзгеріп отырады.

Студент Ведалар мәтінінің аудармасымен танысып, оларға жасалған комментарийлермен жұмыс істеу керек.

Орындалу нысаны: жұмыс 10-15 бет көлеміндегі реферат түрінде орындалуы тиіс.

Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар: ведалық мифологияда “Бхагавадгита” тексттерінің маңызы үлкен. Бұл кітаптарда Кришнаның эпостық батыр Арджунаға айтқан діни-философиялық ақыл-кеңестері орын алған. Батырлар алдында өмір және өлім мәселелері, болмыстың мәні және маңызы, еркіндік пен іс-әрекет, идеал, міндет ұғымдары жайлы түсініктер қарастырылған. Ешқандай мақсатты көздемей, өз тілектерін ескермей, шешім жасау әрекеттері уағыздалады. Мұндай күйді практикада йога мектебінде кездестіруге болады. Йогтардың мақсаттары - өз денелерінен рухты босату, Атмана-Брахма күйіне ұмтылу, яғни әлемдік біртұтастықпен бірігу. Веда әдебиетінің аяқтаушы кезеңін упанишадтар құрайды. “Упанишада” сөзін аударғанда ұстаздың қасында отыру, ұстазды тыңдап отыру деген мағына береді. Шығыс дәстүрінде ұстаздың ролі аса маңызды болған.

Жұмысты дайындау барысында студент осы жайттарға назар аударуы тиіс.

Тапсыру мерзімдері: семестрдің аяқталуына бір ай қалғанға дейін студент оқытушыға рефератты тексеруге тапсыруы тиіс. Толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажеттілігіне байланысты бір ай көлемінде ескертулер орындалуы қажет. Жұмыстың соңғы дайын нұсқасы семестрдің аяқталуына дейін бір апта бұрын тапсырылуы керек.

Бағалау белгілері: жұмыс оған қойылған талаптарға сәйкес дайындалуы керек. Рефераттың кіріспе бөлімінде жұмыста талданатын негізгі сұрақтар жайла мағлұмат берілуі тиіс. Жұмыстың негізгі бөлімі 2-3 бөлімшеден құралуы мүмкін. Жұмыстың қорытынды бөлімінде қарастырылған сұрақтар жайлы анализ жасалуы қажет. Студент қорытынды бөлімде қарастырылған тақырып бойынша өзінің көзқарасын ұсынуы керек. Рефераттың соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімін келтіру міндетті болып табылады.

Әдебиет:

Елизаренкова Т. Я. Язык и стиль ведийских риши. М.: Наука-Вост.лит. 1993.

http://scriptures.ru/vedas

Аванесов С.С. Введение в историю религий. Томск, 2002.

Эрман В.Г. Очерк истории ведийской литературы. М., 1980

Челышев Е.П. Современная индийская литература. М., 1981

Бақылау:

- «Веды» ұғымының этимологиясы.

- Ведалардың жазылу тарихы.

- Ведалардың құрылымы. Негізгі кітаптар.

- Ведалардың талқылануы.

- Қазіргі кезде индуизм дініндегі Ведалардың ролі туралы не айта аласыз? Дінтануда Ведаларды зерттеу туралы не білесіз?

- Қазіргі кезде Ведаларды зерттеу дәстүрі.


See also:
Разное
Похожие записи
  • Финансовое тема 1
    Банковский кредит в системе кредитных отношений: понятие и принципы Деньги, как и...
  • Фінанси акціонерних товариств тема 1
    Тема 1 Сутність та призначення корпоративних фінансів Поняття корпоративних фінансів  Корпоративні фінанси (Corporate Finance)...
  • фінанси тема 1-2
    Тема 1 Фінанси це система відносин з приводу розподілу та перерозподілу створеного...

Комментарии закрыты.