15 тема

20 Февраль 2014 →

ҚММУ Ф 4/3-07/02

ҚММУ БЕ 4/02

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырыбы: Діндер сұхбаты: Қазақстандық тәжірибе

Пәні: Дінтану негіздері

Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау-«5В 110 200»

Курсы: 2

Құрастырушы: оқытушы Мустафина Т.В.

Қарағанды 2013 ж.

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

№ __ хаттамасы __.__. 20__ж.

Кафедра меңгерушісі: Темірғалиев Қ.А.

Тема: Діндер сұхбаты: Қазақстандық тәжірибе.

Мақсаты: Халықтың және діни құрамы Қазақстанның халқы — көптеген ұлттардың бірлестігі. Халық сезі көп мағынаны білдіреді. Қазақстан әлемдегі көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Онда тегі, тілі, мәдениеті әр түрлі, бірак тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады. Халықтың ұлттық құрамы мен діни сенімі тығыз байланысты. Олар саяси және әлеуметтік өмірге, тұрмысқа, адамдардың мәдениеті мен әдет-ғұрпына, демографиялық және этнографиялық процестерге әсерін тигізеді. Әлемдік, яғни Жер бетінде таралған үш дін бар, олар - ислам, христиан және будда діндері. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының арасында Кек тәңірге табынатындары болды.

Оқыту мақсаты: Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Конституция ар-ұждан еркіндігін дәріптейді: азаматтардың кез келген дінді қстануға немесе мүлдем ұстанбауға құқы бар. Қазіргі уақытта елімізде рухани өмір қайта жанданып, қоғамдағы діннің ықпалы өсуде. Діни ұйымдар бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өз үлестерін қосуда. Қазақстандағы дінге сенушілердің ішінде сүнниттік ислам (70%) сандары басым. Қазақ, өзбек, татар, түрік, ұйғыр, күрд, төжік, башқұрт, қырғыз, чешен, ингуш, дүнгендердің басым көпшілігі мұсылман-сүнниттер. Әзірбайжандардың біразы исламның басқа бағыты - шиитті ұстанады. Орыс, украин, белорус, болгар, молдаван, грек, шуваш, мордва, удмурт пен марийліктерде православие діні таралған. Неміс христиандары арасында негізінен протестанттар мен католиктер көп. Көрістер негізінен протестанттар, ал поляктар - католиктер. Армяндар христиан дінінің ежелгі, ерекше тармағына табынады. Христиандар барлық облыстарда, негізінен — солтүстікте, шығыста және орталықта таралған. Жалпы, елдегі дін географиясы ұлттардың әркелкі орналасуымен сәйкес келеді.

Өткізу нысаны: әлемдік және дәстүрлі діндер Съезі бойынша материалдарды игеріп, тақырып бойынша эссе дайындау қажет.

Тақырып бойынша тапсырмалар:

Дінаралық сұхбат адамзаттың жаһандық стартегиясы ретінде.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сұхбаты тарихи-теоретикалық парадигма ретінде.

Астана қаласында өтетін әлемдік және дістүрлі діндер Съезінің үлгісіне сүйену арқылы дінаралық сұхбаттың жолдары мен механизмдерін ретке келтіру.

Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезінің тарихи миссиясы неде?

Таратылатын материалдар:

http://uchebnikionline.ru/religiovedenie/istoriya_religiy_-_lubskiy_vi/predmet_obyekt_struktura_religiyeznavstva.htm

http://www.pandia.ru/text/77/463/26580.php

http://mnogonauka.ru/3106.html

Әдебиет:

Введение в общее религиоведение. Под редакцией И.Н.Яблокова. М., 2001.

Религиоведение: Энциклопедический словарь. М., 2006.

Религия в истории и культуре / Под ред. М.Г. Писманика. М., 2000.

Религии мира: Учебное пособие / Под ред. М.М. Шахнович. СПб., 2005.

Аванесов С.С. Введение в историю религий. Томск, 2002.

Бақылау сұрақтары:

Латын тілінен аударғанда «дін» ұғымы қандай мағынаны білдіреді?

А) қайталап оқу;

Б) қайтадан таңдау;

В) байланыстыру;

Г) құрмет тұту

Д) орындау

2. Белгілі бір жануар немес өсімдікпен адамның шығу тегі отрақ деген сенімге негізделетін діннің формасы қалай аталады?

А) фетишизм

Б) анимизм

В) тотемизм

Г) монизм

Д) магия/сиқырлық

3. Қандай Құдай Тримуртидің құрамына енген жоқ?

А) Брахма;

Б) Индра;

В) Шива;

Г) Вишну

Д) Яма

4. Буцддизм дінінің негізгі бағыттарын атаңыз:

А) хинаяна және махаяна;

Б) джайнизм және сикхизм;

С) даосизм және синтоизм;

Д) астика және настика

Е) ламаизм және тантризм

5. М.Лютер кімге/неге қарсы шықты?

А) Інжілді оқуға қарсы болды;

В) шіркеудің кешірім беру мүмкіндігіне қарсы болды;

С) монастырлардың ликвидациясына қарсы болды;

Д) индульгенциялардың сатылуына қарсы болды;

Е) христиандық мерекелердің толануына қарсы болды


See also:
Разное
Похожие записи
  • Эссе на тему
    Эссе на тему: «Вред алкоголя на организм» Ученицы 52 группы Платоновой Марии...
  • Я выбрала эту тему
     Я выбрала эту тему потому, что считаю её очень интересной и полезной: хочу...
  • Финансовое тема 1
    Банковский кредит в системе кредитных отношений: понятие и принципы Деньги, как и...

Комментарии закрыты.